Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
15.9 C
Almaty
23.9 C
Shymkent

Қазақстан мен Өзбекстан автобус қатынасын қайта бастады

Танымал

Ел аузында

Өзбекстанда Ташкенттен Қазақстан қалаларына автобус рейстерінің ашылғаны туралы жарияланды. Өзбекстанның туризм министрлігі бес бағыт бойынша кесте дайындады, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Күн сайын Ташкенттен Алматыға төрт автобус, ал Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Түркістан және Шымкентке бір-бірден автобус жөнелтілетін болады. Толық кесте мынадай:

Ташкент – Алматы: 16:00, 17:00, 18:00, 19:30 (200 мың сом, яғни сегіз мың теңге).

Ташкент – Қызылорда: 19:00 (200 мың сом, яғни сегіз мың теңге).

Ташкент – Нұр-Сұлтан: 18: 00 (350 мың сом, яғни 14 мың теңге).

Ташкент – Түркістан: 19:00 (100 мың сом, яғни төрт мың теңге).

Ташкент – Шымкент: 12:00 (60 мың сом, яғни екі мың 400 теңге).

Ведомствоның мәліметінше, автобустар «Ташкент» автовокзалынан («Алмазар» метро станциясы) шығады. Билеттерді автовокзал кассаларынан сатып алуға болады.

Бұған дейін Өзбекстан Қазақстанмен шекарадағы шектеуді алып тастаған болатын. Тек ПТР әдісімен COVID-19-ға зерттеудің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар қазақстандықтар мен шетелдіктерге және шетелдік азаматтарға COVID-19-ға қарсы вакциналаудың, ревакциналаудың толық курсынан өткені туралы құжатты/паспортты міндетті түрде ұсынуы керек деген талап сақталады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...