Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Қазақстанда IT-компаниялар үшін жеңілдіктерді кеңейту ұсынылды

Танымал

Ел аузында

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсында жарияланғандай, отырыстың күн тәртібінде IT-саласын қолдау және дамыту мәселесі талқыланды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, министрлік қалыптасқан жағдайға тұрақты негізде талдау жүргізіп жатыр және сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, отандық ақпараттық технологиялар саласын қолдау бойынша бірқатар ұсыныс әзірледі.

АТАП АЙТҚАНДА, IT-МАМАНДАРЫНА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ, ОТАНДЫҚ IT-ШЕШІМДЕРДІ ЕНГІЗУ ҮШІН ЖЕҢІЛДІКТІ КРЕДИТ БЕРУ, «ASTANA HUB»-ТА ЭКСАУМАҚТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША САЛЫҚ ПРЕФЕРЕНЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН 2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҰЗАРТУ ҰСЫНЫЛАДЫ.ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Қазақстанда жұмыс істеуге қызығушылық танытатын IT-мамандарынан келіп түсетін сауалдарға жедел жауап беру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды, оның құрамына «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері кірді.

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУГЕ МҮДДЕЛІ КОМПАНИЯЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН. ӨЗЕКТІ АҚПАРАТТЫ АЛУ ҮШІН ЕЛГЕ КІРУ, ТҰРУ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ АШУ ТУРАЛЫ, СОНДАЙ-АҚ IT-САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ БАР ВЕБ-САЙТ ҚҰРЫЛДЫ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ҚАТЫСУШЫЛАР БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРҒА ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ЖАУАП АЛА АЛАТЫН ТОП ҚҰРЫЛДЫ. IT-КОМПАНИЯЛАРДЫ КӨШІРУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕТІН БЕЙІНДІ ВЕДОМСТВОЛАРМЕН ЖҰМЫС РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мүдделі мемлекеттік органдармен аталған қолдау шараларын пысықтауды тапсырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...