Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Елімізде тағы бір университет жабылды

Танымал

Ел аузында

ҚР білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тексеру жүргізіп, Орталық Қазақстан академиясынан көптеген заң бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде университетті жабу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, Орталық Қазақстан академиясында сабақтар толық көлемде жүргізілмеді, оқытушылар қойылған талаптарға сәйкес келмеді. Атап айтқанда оқытушылардың білімі мен ғылыми дәрежесі оқытылатын пәндерге сәйкес келмеді. Оқу процесі практикалық оқытушылармен, қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілмеді.

«Сонымен қатар университетте сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі болмаған. Соның салдарынан білім бөлімінің қорытындысы бойынша академияның кадрларды даярлаудың алты бағытының студенттері шекті балл жинай алмаған. Одан бөлек, тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті пәндерді қайта тапсыруда бұзушылықтар анықталды. Аралық бақылауды тапсыру кезінде университет прокторинг жүйесін қолданбаған», – деді білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова.

Сонымен қатар жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларының рейтингін талдау Орталық Қазақстан академиясының оқу бағдарламаларының басым бөлігі жаңартылмағанын және еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұранысына сай келмейтінін көрсетті. Сол себепті мамандықтың көпшілігі студенттер арасында сұранысқа ие болмай, тек 1-ден 5 адамға дейін ғана оқыды.

Апелляциялық құқықты пайдалана отырып, университет сот органдарына жүгінді. Бірінші сатыдағы соттар академияның талаптарын қанағаттандырусыз қалдырып, комитеттің шешімдерін заңды деп таныды.

Айта кетейік, ЖОО қызметінің ережесіне сәйкес студенттер университет лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе қайтарып алынған сәттен бастап оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ға ауысуға құқылы.

«Дипломның жарамсыздығына байланысты қиындықтарды болдырмау үшін студенттер қазірден бастап басқа ЖОО-ға ауыса алады. Оқытудың бірқатар бағыты бойынша кейбір студенттер қысқы сессия кезінде басқа университеттерге ауысты», – деді Эльвира Сапарбекова.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...