«Аман-есен қауышайын». Әнші Ерке Есмахан операция жасатады

Танымал

Ел аузында

Әнші Ерке Есмахан операция жасатады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram Stories-те жазды. Ерке соңғы күндері, денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты.

«Байқасаңыздар, талдау тапсырумен өтті соңғы екі аптам. Әлсіз тұсымды осы кезге дейін ешкімге білдмейтін едім, сіздерге қатты қорыққанымнан жазып отырмын», – дейді Ерке Есмахан.

Ол отаға жататынын айтып, оқырмандарынан тілекші болуды сұрады.

«Ертең маған операция жасайтын болып шешті дәрігерлер. Сіздермен аман-есен қауышайын. Тілек тілеп қойыңыздар! Алла жар болсын!», – деп жазды әнші.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...