Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9.8 C
Nur-Sultan
32 C
Almaty
29 C
Shymkent

Петропавлда ондаған миллионға алынған электрон таблолар жұмыс істемейді

Танымал

Ел аузында

Петропавлда бірнеше жыл бұрын жергілікті аялдамаларға бюджет есебінен орнатылған электрон таблолар жұмыс істемей тұр. Бұл туралы әлеуметтік желіде тұрғындар бірнеше рет наразылық білдіріп, мұндай жаңашылдықты енгізу бос шығын екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

2018 жылы Петропавл аялдамаларына электрон таблолар қойылған. Ол ауа температурасын, бағыттар кестесін және автобусты күту уақытын көрсетуі керек болған, бірақ олардың жұмысы ұзаққа созылмаған.

Облыс орталығында барлығы 31 осындай электрон табло орнатылған. Оларға бюджеттен ондаған миллион теңге бөлінген. Қала тұрғындары табыло жұмыс істемесе, оған ақша құртудың қажеті не деп сұрақ қойды.

«2020 жылы ақау шыға бастады. Ол кезде пандемияға байланысты басқа елдерден құрамдас бөліктерге тапсырыс беру мүмкін болмады, сондықтан табло жұмысы тоқтатылды. Бүгінде табло деректерін техникалық сараптамадан өткізу жұмыстары аяқталып жатыр, одан кейін қаржы бөлініп, конкурс жарияланады», – деді қала әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі баспасөз хатшысы Әсем Айтолла. 

Әкімдіктегілер таблоны қалпына келтіру үшін қанша қаражат қажет екенін айтпады, бірақ жыл соңына дейін жұмыс аяқталады деп сендірді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...