Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Теңге нығайды. Енді тұрмыстық техника арзандай ма?

Танымал

Ел аузында

Ірі сауда желілерінің өкілдері теңге нығайғаннан кейін электрон және тұрмыстық техника бағасы қалай өзгергенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Sulpak компаниясының мәліметінше, өткен аптада кейбір категориядағы тауарлардың бағасы түскен. 

«Баға тірі ағза сияқты, оған көптеген фактор әсер етеді. Оның ішінде, қордың болуы, жеткізу мен курс айырмашылығы бар. Көптеген тауар импорт арқылы келеді, ал шетел валютасы теңгеге шаққандағы бағамы арзандаса бағасы да түсуі мүмкін. Ол бірден болатын нәрсе емес, сәл кешірек болады, бірақ жалпы баға түсіп жатыр», – дейді Sulpak компаниясының маркетинг директоры Константин Иванюк. 

«Белый Ветер KZ» ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы Яна Новохацкая ақпанның аяғы мен наурыздың басындағы бағамның өзгеруі жаңадан келген тауар бағасына әсер еткенін айтады. Компания өкілінің сөзінше, барлық тауар импорт арқылы келген. 

«Нақты қай тауардың бағасы өскенін айту қиын. Себебі нақты тауар бойынша баға динамикасын анықтау талабы болмады. Баға түзету бойынша, баға доллар бағамына тепе-тең – 17-19 пайызға көтерілді», – дейді Яна Новохацкая.              

«Технодом» және «Мечта» сауда желілері теңге бағамының өзгеруіне байланысты баға қалай өзгергеніне қатысты пікір білдіруден бас тартты.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана

Жиырма бірінші ғасыр технологияның нағыз дамыған кезеңі. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін гаджетті қалай қолдану керек екенін жатқа біледі....