Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі зейнетақының орташа мөлшерін ататы. Министрлік мәліметіне сәйкес зейнеткерлерге жыл басынан бері 704,9 миллиард теңге төленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Бірінші сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 2 миллион 245,6 мыңнан астам зейнеткер бар.
«1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы наурызда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,8 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,4 миллиард теңге бөлінді», – делінген ақпаратта.
2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 105 344 теңгені құрады.
Айта кетейік, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескеріп, әр алушыға жеке тағайындалады.