Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Мөлдір Әуелбекова: Өміріме қиянат жасап, ренжіткен жандарды кештім

Танымал

Ел аузында

Мөлдір Әуелбекова өзіне қиянат жасап, ренжіткен адамдарды кешіргенін мәлімдеді. Әнші Рамазан айында осындай шешімге келгенін айтып, өзгелерді де кешірімді болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ғибратты сөздерге толы жазбасымен әнші Instagram-дағы парақшасында бөлісті. 

«Алла ашқан кешірім есігін жабуға кімнің құдіреті жетеді? Қасиетті Рамазан айында кешірілмейтін күнәнің үшеуі тізбектелген.
Соның бірі, ата анаға ақ болу. Яғни, ата-ананы қандай да, бір сөз немесе әрекетпен ренжіту.

Тағы бірі, осы Рамазан айының қасиетін біле тұра ішімдікке, араққа салыну.

Және де, менің ойымша ең көп кезігетіні, жақынымен ұрысып қалып, сонымен жараспай отырған адам. Яғни, ренжіскен адамдардың бірін бірі кешірмеуі, татуласпауы.

Бұл ай, Алла мейірімін төккен кешірім айы. Мені, көңіліме қаяу түсіріп, өміріме қиянат жасап ренжіткен жандарды осы айдың құрметіне кештім және мен де, кімде кімді байқаусызда немесе қасақана ренжітіп алған болсам, Алла разылығы үшін кешірім сұраймын. Жүректерімізді кешіріммен тазартайық!» – деді ол. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...