Доллар бағамы күрт төмендеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,60 теңгеге төмендеп, 449,85 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 16-18 сәуірдегі ресми бағамы 454,27 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы – 452,81 теңге, ал сатылымда – 456,14 теңге. Нұр-Сұлтанның айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 450,43 теңгеден сатып алып, 453,73 теңгеден сатып жатыр.