Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамалды

Танымал

Ел аузында

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тергеу сотының қаулысы бойынша Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын кепілден 10 тәулік мерзімге күзетпен ұстауға өзгертуге санкция берілді», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Mudarabah Capital ісі бойынша күдікті вайнерлер неге қамауға алынбағанын түсіндірген болатын. Оның сөзінше, бүгінде 169 жәбірленуші бар, келтірілген залал мөлшері – 2 миллиард теңгедей. Қылмыстық жауапкершілікке 14 адам тартылған, оның ішінде, танымал вайнерлер мен блогерлер де бар. Алтауы қамауда, ал вайнер Мейіржан Төребаев кепілзат кепілімен болған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде педагогикалық практиканың нәтижесі қорытындыланды

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Теориядан тәжірибеге: болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика нәтижелері» атты бітіруші курс білім алушыларының...