Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Мәжіліс Сенаттың әлеуметтік желі мен кибербуллингке қатысты түзетулерімен келісті

Танымал

Ел аузында

Мәжіліс депутаттары бала құқықтарын қорғау туралы Заң жобасы бойынша Сенаттың түзетулерімен келісті және егер онда балаларға арналған кибербуллингке жол берілген болса, әлеуметтік желіні толық бұғаттау мүмкіндігін жойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сенат түзетулері мемлекеттік органдардың балаға зиян келтіретін ақпаратты таратуға тыйым салынған немесе өзге түрде шектелген интернет-ресурстармен өзара іс-қимыл тетігін өзгертуге бағытталған. Сенат депутаттары БАҚ саласындағы уәкілетті органға балаға қатысты кибербуллинг деректері бойынша сараптама жүргізу тәртібін айқындау жөнінде құзырет беруді ұсынды. Сондай-ақ интернет-ресурстарға қолжетімділікті тоқтата тұру үшін негіз ретінде кибербуллинг деректерін заңнамалық түрде айқындау. Бұл ретте, заң жобасынан тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеу тәртібін айқындау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті алынып тасталды», – деді депутат Жәмила Нұрманбетова Мәжіліс отырысында.

Депутаттар түзетулерді қолдап, дауыс берді.

«Заң жобасының тұжырымдамасын бірыңғай түсіну – бұл біздің балаларымызды қорлаудан қорғау. Сенат екі ережені нақтылады. Біріншісі – кибербуллингті анықтау бойынша сараптамалық комиссия құру, екіншісі – кибербуллингке қатысты материалдарды ғана жою. Бұл ұсыныстар Мәжіліс ұсынған тәсілдерге толық сәйкес келеді. (…) Қызу талқылау, пікірталастар болды, авторлар заң жобасының нормаларын принципті түрде қорғап, осы нормалардың прогрессивтілігін түсіндірді. Осы күрделі заң жобасын талқылауды аяқтаймыз», – деді Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...