Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.5 C
Nur-Sultan
24.9 C
Almaty
25.8 C
Shymkent

Алматыда қыз «алып қашқандар» видеоға түсіп қалды

Танымал

Ел аузында

Алматыда көшенің қақ ортасында қыз «алып қашқандар» видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тараған бейнежазбаға қарағанда, оқиға Алатау ауданындағы «Алматы Арена» кешенінің маңында болған.

Видео кадрларынан такси ұстап келе жатқан қызды ақ түсті көліктен түскен екі жігіт көлікке күштеп салып алып кеткенін көруге болады. Ал көліктің мемлекеттік нөмірі жоқ.

Бейнежазбаға қатысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп жатыр.

«Алатау ауданының ІІБ полиция бөлімінің мәліметінше, «102» пультіне және олардың бөлімшелеріне бұл оқиғаға қатысты ешқандай дабыл, өтініш және арыз түспеген. Қазіргі уақытта жедел бөлімше мән-жайды анықтау мақсатында тексеру шараларын жүргізуде. Тәжірибеге сүйене отырып, бұл әдейі жасалған немесе шығармашылық түсірілім болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Бұл тек нұсқалардың бірі ғана. Тексеру шаралары міндетті түрде жүргізілетін болады», – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...