10 сотық жер алуға қанша адам кезекте тұр?

Танымал

Ел аузында

Министрліктің мәліметінше, қазір екі миллионнан астам адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер телімін алуға кезекте тұр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті қанша азаматтың 10 сотық жер алуға кезекте тұрғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, қазір екі миллионнан астам адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер телімін алуға кезекте тұр (1 миллион 300 мың egov порталының мәліметі бойынша).

«Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдар болуы керек. Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендердегі жер учаскелері тек электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана беріледі», – делінген тілшінің сауалына жауапта.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области более 460 детей получили медицинскую помощь в рамках выездных осмотров

В рамках мероприятий, приуроченных ко Дню Республики Казахстан, специалисты Областной детской клинической больницы проводят выездные профилактические медицинские осмотры детей...