Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

«Бұл – суицид». Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің ісін қайта қараудан бас тартты

Танымал

Ел аузында

Прокуратурада, тергеушілерінің арасында да тәжірибелі мамандар бар ғой. Бірақ істі неге қайта қарағылары келмегені маған жұмбақ.

Бұған дейін Мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов Бас прокуратураға арыз жазып, әкесіне жасалған қастандыққа қатысты қылмыстық істі қайта қарауды сұрағаны хабарлаған болатын.  Ал бүгін Қайрат Нұрқаділов nege.kz редакциясына хабарласып, Бас прокуратурадан жауап алғанын, жауапқа көңілі толмайтынын мәлімдеген екен. Төменге сұхбаттың толық нұсқасын ұсынамыз.

– Әкеңіз Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарау үшін прокуратураға арыз түсірдіңіз. Олар арызды қарау уақытын 20 сәуірге дейін созған еді. Міне, бүгін 25 сәуір болды. Қандай да бір жауап келді ме? Істі қайта қарайтын болды ма?

– Маған ресми түрде «істі қайта қарамаймыз» деген жауап келді. «Суицид жасаған, басқа деуге негіз жоқ» дейді. Мен Сіздерге маған жіберген жауабын беремін.

 Істі қайта қарауға негіз жоқ болса, онда арызды қарау уақытын не себепті созды деп ойлайсыз?

– Мен олармен кездестім деп айттым ғой. Барлығын түсіндірдім. Бас прокуратурадан келгендерге «істі қайта қараңдаршы, дұрыс шешім қабылдаңдаршы», деп айттым.

Олар расымен де істі архивтен алды, қарады. Қарағаннан кейін уақыт керек екен. 7 үлкен томды қарап шығыпты. Соның нәтижесінде: «Іс сол кезде дұрыс тергелген, суицид болған», – деп жауап берді.

Тағы оқыңыз: Заманбек Нұрқаділовтің ұлы әкесінің өліміне қатысты тергеуді қайта бастауды талап етті

 Қылмыстық істің қайта қаралмауына мүдделілер бар ма?

– Ол жағын білмедім. Прокуратурада, тергеушілерінің арасында да тәжірибелі мамандар бар ғой. Бірақ істі неге қайта қарағылары келмегені маған жұмбақ.

– Енді қандай әрекет жасайсыз?

– Журналистер арқылы қоғамнан көмек сұраймын.

Қайрат Нұрқаділов осылай дейді. Қадағалаушы органнан төмендегідей жауап келген:

Бас прокуратураның жауабы.

«…Жоғарыда көрсетілген сот сараптамасы мен басқа да дәлелдер суицидке қатысты қорытындымен сай келеді. Кешенді сот психолого-психиатриялық сараптама (№918, 12.01.2006, өлген соң) да осыны көрсетеді. Осыған сай, сол кезеңде З.Нұрқаділовтің жүйке күйзелісінде болғаны суицидке апарған себептердің бірі болуы мүмкін.

Сондай-ақ Сіздің әкеңізді өзіне қол жұмсауға жеткізген деректі анықтау мүмкін емес. Өйткені қылмыстық құрам жоқ болғандықтан 16.11.2006 жылы іс жабылған.

Тергеу органының шешімін бұзуға негіз жоқ. Қылмыстық іс материалдарымен Алматы қалалық прокуратурасынан кез келген уақытта таныса аласыз».  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...