Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.5 C
Nur-Sultan
22.6 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, 26-28 сәуір күндері елімізде күн жылынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы күндері антициклон келеді. Бұл жауын-шашынның тоқтауына және ауа массаларының белсенді жылынуына ықпал етеді. Күндіз еліміздің солтүстігінде 20-25 градусқа дейін жылынса, орталықта ауа температурасы 15-23 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстікте 23-30-ға дейін жылу, батыста 20-28 градус жылу күтіледі. Ал шығыста ауа температурасы 10-18, ал оңтүстік-шығыста 17-25 градусқа дейін жылынады.  

Республиканың батысы мен таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман болжанады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл мен жел күшейеді

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...