Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Жұлдыз Әбдікәрімова көпбалалы отбасының үйлі болуына көмектесті

Танымал

Ел аузында

Жұлдыз Әбдікәрімова туған күніне орай игі іс жасады. Сәуірдің 14-і күні 34 жасқа толған актриса меншікті мерекесін ерекше атап өтуді жөн көрді. Ол өзіне сыйлық сыйлағысы келетін жандарды қайырымды іс жасап, мұқтаж отбасыға садақа ретінде аударуды ұсынды. Нәтижесінде бір тәулік ішінде 17 млн теңге жинады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әбдікәрімова игі істі «Харекет» қайырымдылық қоры арқылы жүзеге асырды.  

«Рақымы шексіз Аллаға алғыс айтудан бастағым келеді. 34 жасыма қарапайым халық бастап, туған-туыс, дос-жаран, әріптес-серіктес, айналам боп 24 сағатқа жетер жетпес уақытта 17 000 000 теңге қаржы жинаппыз. Осы қаражатқа @xareket_qory_official іздеп жүріп, ауласында жүзімі мен жаңғағы өскен, жасыл желегі бар, жанында жазғы тамы бар, жер асты гаражы бар, 5 бөлмелі үй тапты.

Отау құрғалы өз баспаналары болмаған Замира ханымның отбасы, Алланың қалауымен, қасиетті айда шаңырақтарын алды. Жақын күндері @xareket_qory_official ішін жиһаздармен жабдықтап береді.

Жаңғағы мен жүзімін күтіп-баптап, жемісін сатса да, ары қарай кәсіп қып дөңгелетіп әкетсе де, еш кедергі жоқ. Енді баланың жас санасына “Жыласа ғана береді” деген теріс түсінікті қалыптастырмай, үлкендер еңбек пен білім арқылы жол көрсетсе деген ниетім бар.


Әуелі осыншама халық алдындағы абырой мен сенім берген Аллаға сансыз шүкір! Ол болмаса 17 млн тұрмақ, 17 мың да жиналмас еді. Сондықтан Алла абыройымыздан айырмасын.

Одан соң, әр бастамамды қолдап, біреуі даттаса мыңы жақтап алатын, жақыным, сыншым, жанашырым Халыққа рақмет! Әрине, мұндай істі асқан жауапкершілікпен жасап жүрген @xareket_qory_official -на алғыс! Бұл 652-баспана екен. 

Туған күніме қомақты қаражат аударған достарым мен серіктестеріме алғыс! Осымен аманаттарыңыз табысталды. Баршамызға Алла разы болсын», – деп жазды ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...