Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Елімізде тұтынылатын қанттың тек 7% отандық өнім – Ауыл шаруашылығы министрі

Танымал

Ел аузында

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев отандық қант өндірісіндегі мәселені шешу жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Жыл сайын тұтынылатын қант мөлшері 532 мың тонна, оның тек 7%-ы отандық өнім. Бұл ұсақ тауарлы өндіріспен, суаруға қажет судың жетіспеуімен, зауыттардың ескіруімен, ресейлік өндірушілер тарапынан баға демпингімен байланысты», – деді Қарашөкеев. 

Министр сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу, егіс алқабын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін үлкейту, техникамен қамтамасыз ету, қант зауыттарының құрылысы бойынша жобаларды іске асыру өнімділікті 323 мыңнан 1,8 миллион тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік беретінін айтады. 

«Қант өндірісі 7 есеге, 254 мың тоннаға дейін өседі, қант импорты 32% төмендейді деп күтіледі. Бұл ішкі нарықты отандық қантпен қамтамасыз етуде 7%-дан 43%-ға дейін ұлғайтады», – деді ол. 

Сөзінше, қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекет қолдауы қажет. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...