Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Қытайда құс тұмауының адамға жұққаны анықталды

Танымал

Ел аузында

Орталық Қытайдағы Хэнань провинциясында H3N8 құс тұмауы вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақпаратқа сәйкес, H3N8 құс тұмауының штамын жұқтыру оқиғасы орталық Хэнань провинциясындағы Чумадян қаласында тұратын төрт жастағы баладан анықталды. Оның үйінің ауласында үй құстары болған, тұрғын үйлердің маңында жабайы үйректер мекендеген. 

Сәуірдің 5-і күні баланың дене қызуы көтеріліп, 10 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты жергілікті медициналық мекемеге жатқызылған. 24 сәуірде Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы науқастың құс тұмауының H3N8 штамын жұқтырғанын растады. 

«Қытай эпидемиологтарының пікірінше, бұл H3N8 құс тұмауының вирусы құстан адамға кездейсоқ таралуы болып саналады. Әзірге кең ауқымды індет қаупі төмен», – делінген құжатта. 

H3N8 тұмауының штамы жылқыларда, иттерде, құс етінде және итбалықтарда кездеседі. Алайда бұрын вирустың осы штамымен адам ауруы тіркелмеген. Қытай сарапшылары халыққа ауру және өлі құстармен сондай-ақ мүмкіндігінше тірі құстармен де тікелей байланыста болмауға, тамақтану гигиенасын сақтап, шикі және дайын өнімдерді бөлек өңдеуге кеңес береді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Врачи Алматинской области ознакомились с работой лучших клиник Лондона

Специалисты из разных медицинских учреждений Алматинской области вернулись из Туманного Альбиона, столицы Великобритании Лондона, где несколько дней повышали свою...