Amanat партиясының төрағасы президент сайлауына қатысу туралы сауалға жауап берді

Танымал

Ел аузында

Мәжіліс спикері және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов президенттік сайлауға кандидатурасын ұсыну туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қошанов мәжіліс кулуарында журналистердің прзиденттік сайлау туралы сауалына: 

«Қарастырмаймын. Жоспарымда да, ойымда да жоқ», – деп жауап берді. 
Қошанов ертең аймақтық партия филиалдарымен жиын өткізіп, алдағы жоспарды талқылайтынын жеткізді.

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының құрамынан шықты. Партияға жаңа төрағаны ұсынды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Amanat партиясының жаңа төрағасы болып сайланды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұрпақ болашағына қызмет еткен ғалым

Еліміздің гидрогеология саласының дамуына елеулі үлес қосып, саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған азаматтардың бірі – гидрогеология ғылымының ардагері,...