Павлодарлық жігіт өзін 16 жерден пышақтаған танысын кешірді

Танымал

Ел аузында

Павлодарлық жігіт өзіне 16 жерден пышақ сұққан танысын кешірді. Облыстық мамандырылған ауданаралық сот аталған іс бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға былтыр 26 сәуірде болған. Екі жігіт үйдің кіреберісінде жанжалдасып, 26 жастағы ер адам екінші жігітке екі рет пышақ сұғып, тағы 14 жерінен тіліп жіберген. 25 жастағы ер адам жедел ауруханаға жеткізіліп, аман қалды.

Прокурор сотталушыны адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп тануды сұрап, қатаң режимдегі колонияға 8 жылға қамауды ұсынды.  Ал жәбірленуші танысын кешіргенін, өзара татуласқандарын жеткізді. Қатаң жазаламауды сұрады. 

Жауапқа тартылған ер адам досына ауыр дене жарақатын салғанын мойындады. Бірақ адам өлтіретін ойы болмағанын және жасаған ісіне өкінетінін айтты.

Сотталушы ойын соңына дейін жеткізбегендіктен, сот «адам өлтіруге оқталу болмады» деген шешімге келді.  Осыған байланысты оның қылмысы «денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қаралды. 
Айыпталушы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рақымшылыққа да ілініп, жазасының үштен бір бөлігі қысқартылды.

Осылайша, досына ауыр жарақат салған ер адам 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түрмеде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...