Елімізде Парламент таратыла ма? Мәжіліс спикері жауап берді

Танымал

Ел аузында

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов баспасөз алаңда БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере отырып, Парламентті тарату мәселесі талқыланып жатпағанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Әзірге ондай мәселе талқыланып жатқан жоқ. Бірақ мен Президент саяси реформаларды жариялағанын айта аламын. Біз тиісті конституциялық және өзге де заңдарды жыл соңына дейін қабылдауымыз керек. Әзірге ондай мәселені талқылаған жоқпыз», – деді Мәжіліс төрағасы.

Мәжіліс спикері өзі төрағалық ететін «Amanat» партиясының саяси науқандарға дайын екенін де айтты. 

«Кез келген партия саяси күреске дайын жүруі керек. Ертең сайлау жарияланса, әрине, біздің партия дайын»,  – деді Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, бұған дейін Ерлан Қошанов AMANAT партиясы атынан президент сайлауына қатысу туралы сауалға жауап берген еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

B2B Way Club запускает онлайн и офлайн-встречи между казахстанским бизнесом и международными производителями

В рамках подготовки к международной выставке HomeTech & Electra 2026 проект B2B Way Clubразвивает несколько направлений работы, которые помогают казахстанскому бизнесу заранее...