Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Тоқаевтың кеңесшісі тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

“Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген ресми хабарламада.

Мәлік Нұржанұлы ОТАРБАЕВ, 1980 жылдың 2 ақпанында Жамбыл облысы, Байзақ ауданының (бұрыңғы Свердлов) Ақжар ауылында дүниеге келген. 

2001 жылы Алматыдағы Сүлеймен Демирел университетінің Халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат факультетінің стажер-зерттеушісі болды, кейін аталған факультеттің аспирантурасында оқыды. Халықаралық мәдени-интеллектуалды «da Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, директор орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі міндетін атқарды.

2014-2016 жж. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ-дағы өкілі.

2016 жылдың сәуір айынан бастап, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінде дипломатиялық қызмет атқарады.

Алғашқы кітабы – «Ойқазан» атты әдеби-философиялық ойтолғауы 2010 жылы жарық көрді.

2017 жылы «Баянды бақ» атты пьесасы Атырау облыстық Махамбет атындағы драмалық театры сахналанды. Аталған спектакль ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесі аясында М. Горький атындағы драмалық театрында қойылды. Түркияға арнайы шақырту алды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...