Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.8 C
Nur-Sultan
27.5 C
Almaty
32.1 C
Shymkent

Майя Бекбаева мен Закиржан Кузиев қызметінен босатылды

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Бекбаева мен Закиржан Кузиевті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Төлегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысының өкімдерімен Наталья Григорьевна Дементьева және Тауфик Акрамович Каримов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалғаны хабарланған.

Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген. Орта мектепті үздік бітірді. Кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Халықаралық журналистика факультетіне түсіп, оны да қызыл дипломмен бітірді.

Закиржан Кузиев 1969 жылы 30 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС бас директоры және «Универсал» ЖШС президенті болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...