Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары ішімдік пен темекіден бас тартты

Танымал

Ел аузында

Шығыс Қазақстан облысында бүтін бір елдімекен тұрғындары ішімдіктен бас тартты. Енді дүкендерде алкоголь өнімдері мен темекі сатылмайды, – деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Шағын Жанұзақ аулында 70-ке жуық отбасы тұрады. Олар үш жылдан бері ащы су ішіп, темек тартудан жаппай бас тартқан. Үйге келген қонаққа да арақ-шарап ұсынылмайды. Алкогольді ауылдағы дүкендерден таппайсың. Тұрғындардың сөзінше, осының арқасында ауылда ұрлық-қарлық пен бұзақылық азайған. Салауатты өмір салтын ұстанған жастардың көбі бос уақытын спортқа арнайды.

«Талайдан бері дүкендерде арақ сатылмайды. Себебі ешкім арақ ішпейді. Бұл келешек ұрпақтың тәрбиесіне үлкен көмек. Балаларға келсек, олар спортпен шұғылданады. Күн демей, түн демей, қолы босай қалса, футбол ойнайды», – дейді ауыл тұрғыны Маржангүл Мағауиянова. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...