Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Мейіржан Төребаев қамауға заңсыз алынды – Адвокат Абзал Құспан

Танымал

Ел аузында

Белгілі заңгер Абзал Құспан қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен қамауға алынған вайнер Мейіржан Төребаевтың ісіне қатысты пікір білдірді. Ол Төребаевты қамауға алу туралы санкцияның заңсыз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы адвокат Facebook-тегі парақшасында жазды. 

«Вайнер Мейіржанның мен адвокаты да, туысы да, танысы да емеспін. Ортақ та таныстарымыз жоқ екен. Оған қатысты қамауға алу санкциясын заңсыз деуіме себеп, оның жеке басында емес, қолданыстағы заңнама ерекшелігінде болып отыр.  

Мейіржанның іс-әрекеті жарнамамен шектелген, болды. Басқару немесе құру жұмысына қатысы жоқ. Біреулер ЖШС-ның құрылтайшылығы мен қатысуды шатастыруда. Құрылтайшы – учредитель, қатысушы – участник, екеуі мүлдем екі бөлек ұғым. 

Алматы полиция департаменті, сасқан үйрек артымен сүңгидінің керімен, сайқымазақ-вайнерді ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі (ОПГ) қылып, қамады (осы кезде шын бандиттер үшін айдалалағы мен ұялып кеттім)», – деп жазды адвокат. 

Қаржылық пирамиданың құрбаны болдым деген әйел көшеде өзін өртеп жіберген еді. Бұл қоғамдық шу тудырды, көп ұзамай вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды. Адвокаттың айтуынша, бұл жағдай қоғамда нашар әдет қалыптастыруы мүмкін.

«Оған қатысты істе қоғам үшін ең сорақы жері сол – енді кез-келген адам өзін өртеп немесе өртеймін деп қорқыту арқылы өз дегеніне жете алатын болды! 

Алматы ПД осындай практика қалыптастырғысы бар бізге! Ал жарнама мәселесіне келсек, 1997 жылғы кодексте “жалған жарнама” үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген болатын. 2014 жылғы кодексте ол белгісіз себептермен алынып тасталған. 

Қазіргі таңда өз басым Парламентаризм Институтының бастамасымен 217-баптың (қаржы пирамидасын құру, басқару) санкциясын ауырлату және 217-1 бапты (қаржы пирамидасын жарнамалау) енгізу жөніндегі жұмыс тобындамын», – деп атап өтті заңгер. 

Еске салайық, 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев қаржылық пирамидаға қатысты іс бойынша айыпталушы ретінде танылғаны белгілі болды. Тергеу мәліметтері бойынша, олар Mudarabah Capital қаржылық пирамидасын жарнамалап қана қоймай, оның ортақ иелері ретінде үнемі табыс алып отырған. 11 ақпанда Саидбаевқа Алматы полициясы іздеу жариялағаны белгілі болды. 

Сәуірдің 11 күні Нұр-Сұлтанда Алматы тұрғыны Бағила Досмаилова осы іс бойынша тергеудің жүріп жатқанына наразы болып, өзін-өзі өртеп жіберді. Абырой болғанда әйел аман қалды. Ол өз-өзіне қол жұмсамай тұрып жазған хатында өзінің өліміне Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың кінәлі екенін айтқан. Бұл оқиғаға қатысты өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

20 сәуірге қараған түні Төребаев пен Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды. Тұтқынға алынғаны туралы ақпарат тарамас бұрын Төребаев видео хабарлама жасап, онда ол өзінің құрбан болғанын және қаржы пирамидасының қызметінен пайда таппағанын айтқан. Алайда 13 сәуірде Алматы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев «Төребаев құрылтайшы болмай тұрып-ақ компаниядан тұрақты төлемдер алып отырған» деген мәлімдеме жасады.

Сонымен бірге, дәл сол бейне үндеуде Төребаев қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі полицияға Mudaraba Capital қаржы пирамидасы туралы 2020 жылы ескерткенін қосып өткен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...