Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Алматылық нейрохирургтер әйел адамды сал ауруынан сақтап қалды

Танымал

Ел аузында

Орталық қалалық клиникалық аурухананың нейрохирург-дәрігерлері бел омыртқаны тіліп, жасанды имплантпен алмастыру бойынша күрделі ота жасады.
«Пациент бізге омыртқа жарақаты асқынғаннан кейін келді. Бұрын бел омыртқасы сынған оған кешіктірмей ота жасау қажет болды. Өйткені уақыт өткен сайын аяқ-қолы жансызданып, сал болып қалу қаупі жоғарылай түсті», – дейді бөлімше меңгерушісі Марат Алматов.
Айтуынша, омыртқаны инновациялық әдіспен алмастыруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық операция. Отаның мұндай түрі қала бойынша екі-ақ ауруханада жасалады. Соның бірі – Орталық қалалық клиникалық аурухана, біздің клиника күрделі отаны жасауға қажетті қондырғылармен толық жабдықталған, дейді маман.
Шеберлік класы шеңберінде №7 Қалалық клиникалық аурухананың омыртқа хирургиясы бөлімі жетекшісі Бақыт Ағлақовпен бірге жасалған операция ақысы МӘМС пакеті есебінен төленеді.
«Сақтандыру пакетінің ауқымы кең, ол сақтандырылған азаматтарға үлкен мүмкіндіктер береді. Оған ағза алмастыру, буын алмастыру, нейрохирургиялық және кардиохирургиялық қызметтер кіреді. Оның үстіне пациент пайдаланатын қызмет көлемі төлеген жарнасына тәуелді емес, медициналық көмек қанша қажет болса сонша пайдаланады. Мысалы, осы отаға МӘМС есебінен 4,5 миллион теңге төленеді», – деді МСҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.
Ескеретін жайт, аталған қызмет түрлерін пайдалану үшін медициналық көрсетілімдер болуы қажет.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...