Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Ерлан Қарин: Референдум саяси жүйені қайта жаңғырту үшін қажет

Танымал

Ел аузында

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында  Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын республикалық референдумға шығаруды ұсынғанына қатысты пікір білдірді. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын республикалық референдумға шығаруды ұсынды.

Референдум соңғы рет 1995 жылы қазіргі Конституцияны қабылдау кезінде өткен болатын. Ел Конституциясына бұған дейін енгізілген төрт түзетудің де Парламентте дауыс беру арқылы қабылданғанын атап өту керек, – деді ол.

Алғаш рет конституциялық реформа бүкілхалықтық тікелей дауыс беру арқылы жүзеге асатын болады. Бұл оның жалпыұлттық сипатын көрсетеді.

Алдағы конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас балансын оңтайландырады, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласуын ұлғайтады, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтеді. Бұл – мемлекеттік модельдің жүйелі трансформациясы. Сондықтан аталған референдум ескі модельден түпкілікті бас тарту және саяси жүйені қайта жаңғырту үшін қажет, – деп жазды Ерлан Қарин.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...