Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Бір айдан кейін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек.

 Елімізде бір айдан кейін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді. Құрылтай жаңа диалог алаңы болмақ. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Құрылтай ел дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғам болып жұмылуға бағытталған. Ол жалпыұлттық диалогтың әмбебап үлгісіне айналады. Құрылтай құрамына депутаттар, Ассамблея мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық өңірдің, сондай-ақ Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қауымдастық және өндіріс саласының өкілдері кіреді», – деді президент.Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. Себебі түптеп келгенде, екеуінің мақсаты – ортақ.»Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет», – деді Тоқаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Созақта «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы бастау алды

Бүгін Созақ аудандық полиция бөлімі және әкімдікке қарасты тиісті бөлімдердің қатысуымен еліміздегі әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу...