Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

27 C
Nur-Sultan
32 C
Almaty
34.3 C
Shymkent

Ресейдің ірі сауда желілері Қазақстан арқылы тауар жеткізбек

Танымал

Ел аузында

Ресейдің ірі сауда желілері Қазақстан арқылы тауар жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ресейдің ірі сауда желілері «Магнит» және «Лента» бүгінде қазақстандық арналар арқылы Ресей нарығына жеткізу үшін шектелген және олардың тапшылығы туындауы мүмкін тауарларды жеткізуді қамтамасыз ету туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл бірқатар халықаралық шектеулермен байланысты күрделі процесс», – деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.

Брифингте Оразалин ресейлік компаниялар тарапынан өз бизнесін Ресейден Қазақстанға, атап айтқанда Алматыға көшіруге қызығушылық танытқандар барын айтты. Бірақ нақты компанияларды айтпады, өйткені барлық ақпарат «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына тиесілі. Өз қызметкерлерінің едәуір бөлігін елімізге қоныс аударуын және Қазақстанда жұмысшылар іздестіруді ресми түрде растаған компаниялар арасында inDriver такси сервисі барын атады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...