Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Қазақстандық бітімгерлер Донбасстағы ұрысқа жіберіле ме? Министр орынбасары жауап берді

Танымал

Ел аузында

Қазақстандық бітімгерлер Донбасстағы ұрысқа жіберіле ме? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында бұл сауалға қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов жауап берді. 

Сұлтан Камалетдинов бітімгершілік операцияларында Қарулы күштерді қолдану тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі резолюзиясы бойынша жүзеге асатынын атап өтті. 

Осы резолюция аясында мемлекет басшысы парламент алдында ұсыныс жасайды. Тек парламент мақұлдағаннан кейін, бітімгершілік операцияларына Қарулы күштер жіберіледі. 

«Мынадай геосаяси жағдайда бұл сұрақ барша қазақстандық қауымдастықты мазалап отыр. Бұл жерде атап өтерлік мәселе, мемлекетімізден тыс аумақта біздің Қарулы күштерді қолдану нормативті тұрғыда жазылып бекітілген. Ал қазіргі уақытта бұл сұрақ тіпті, қарастырылмайды. Бұл сауал бойынша келіссөздер жүріп жатқан жоқ», – деді министр орынбасары. 

Айта кетейік, 2007 жылдан бері 500-ден аса қазақстандық әскери қызметкер БҰҰ-ның Непал, Батыс Сахара, Кот-д»Ивуар мен Ливан елдеріндегі миссияларына қатысты. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...