Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Қазақстандықтардың орташа жалақысы аталды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы мөлшері жаңарды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2022 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 285 433 теңге болды. 2021 жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда өсім – 23,7 пайыз, нақты мәнде 12,7 пайыз», – делінген хабарламада.

Ведомсвто мәліметінше, өңірлік тұрғыда ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы Атырау облысында – 477,9 мың теңге. Солтүстік Қазақстан облысында – 203,4 мың теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 28,7 пайызға төмен.

Иллюстрация: Ұлттық статистика бюросы

«Бюро қолданатын орташа айлық жалақыны есептеу әдісі Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары мен әдістемесіне сәйкес келеді. Орташа айлық жалақы туралы деректер кәсіпорындардың тоқсан сайынғы статистикалық есебі негізінде есептеледі. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша төлемдерді, үстемеақыларды, сыйлықақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да аударымдарды ескере отырып қаралады», – деді Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

Еске салайық, 2021 жылдың ақпанында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 223 213 теңге болған еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...