Әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі оқырманын сотқа берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Мөлдір Әуелбекова Instagram-парақшасында мәлімдеді. Оқырман әншінің жазбасына жеке басты қорлайтын сөздер жазып, пікір қалдырған. Әуелбекова сол оқырманның жеке парақшасын белгілеп, оны ресми түрде сотқа бергенін мәлімдеді.
«Сізді ресми түрде сотқа бергенім жайлы хабарлаймын! Әр сөзіңіз үшін жауап бересіз! Парақшаңызды өшіріп атын ауыстырып немесе маған шығып кешірім сұраудың қажеті жоқ. Бұл жолы соңына дейін апарамын. Шеттен шықтыңыздар! Шыдамның да шегі бар!» – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
Бұл ретте оқырман жеке парақшасын өшіріп тастағаны белгілі болды.
Желі қолданушылары да әншіні қолдап, түрлі пікір жазып жатыр.
«Масқара, не деген көргенсіз, тексіз ба өзі қалай?!», «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады. Дұрыс сөзіне жауап берсін», «Дұрыс, соттау керек», «Қазақтар «қойш» деп, кешіре салады. Осылай сот арқылы шешкен дұрыс! Сол кезде халық мәдениеттілікке үйренетін шығар», – деп жазған әншінің оқырмандары.