Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7.9 C
Nur-Sultan
15.9 C
Almaty
17.4 C
Shymkent

Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

Бұрынғы министр Біртановтың қылмыстық ісі қайта сотқа түсті

Танымал

Ел аузында

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қылмыстық ісі Сарыарқа аудандық №2 сотының қарауына түсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында Е.А. Біртановқа, О.А. Әбішевке қатысты қылмыстық іс өндіріске қабылданды. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 11 мамырға сағат 10.00-ге белгіленді», – деді соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Еске салайық, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Е.ЯВРОВА: «ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН»

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан еліміздің өркендеуі жолында Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасының учаскелік...