Жыл басынан бері БЖЗҚ активтерінің кірістілігі 1%-дан аз болды

Танымал

Ел аузында

2022 жылдың төрт айында зейнетақы активтерінің кірістілік нормасы 0,88 пайызды құрады. Бұған қор салымшысының ЖЗҚ-дан алынған үзінді деректері дәлел.

Бұл ретте осы кезеңдегі инфляция деңгейі 7,3%-ды құрады. Осылайша, жыл басынан бері БЖЗҚ активтерінің нақты табыстылығы минус 6,42% болды. Қаңтар-ақпан айларында зейнетақы активтерінің кірістілігі 4%-ға жетті.

Зейнетақы жинақтарының табыстылығында үлкен серпіліс Қазақстанда доллар бағамы айтарлықтай өскен ақпан айында болды. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары үшін соңғы 12 айдағы (2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы наурызға дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 12% инфляция жағдайында 10,43%-ды құрады.

Қысқа мерзімді деректер үнемі нарықтық конъюнктураға байланысты болғандықтан нақты дерекке жатпайды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Диуани Хикмет» жаңа басылымы жарық көрді

Түркі-ислам руханиятының ең құнды жәдігерлерінің бірі саналатын Диуани Хикмет кітабы Түркияда жаңа ғылыми басылым ретінде жарық көрді. Жинақты дайындаған...