Мемлекет басшысы түрік бизнесмендерімен кездесті

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Түркияның бірқатар кәсіпкерімен жеке-жеке кездесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Олардың арасында «Yildirim Holding» президенті Роберт Юксель Йылдырым, «TAV Havalimanları Holding» басқарма мүшесі Сани Шенер, «Goknur Gida» басқарма төрағасы Осман Асланали, «Sembol» компаниясының басқарма мүшесі Феттах Таминдже және «Koç Holding» компаниясының басқарма мүшесі Али Коч бар.

Кездесулерде түрік бизнесмендерінің Қазақстандағы жобалары мен алдағы уақытта іске асырылатын бастамалары туралы сөз болды. Аталған іскер топтардың елімізге салынған инвестициялары химия, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларын қамтиды.

Мемлекет басшысы олардың елімізге салған инвестицияларына қолдау көрсетілетінін айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...