Қазақстанда референдумға 16,4 миллиард теңге бөлінеді

Танымал

Ел аузында

Қаржы министрі – премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда референдум өткізуге 16,4 миллиард теңге жұмсалатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тарапынан тиісті есептер ұсынылды. Бүгін үкімет қаулы қабылдады. Ақша республикалық бюджеттен бөлінеді», – деді Жамаубаев үкімет кулуарында.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум туралы конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойған болатын. Кейін Орталық сайлау комиссиясы өкілі республикалық референдум өткізу тәртібін айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қысқа сөзге сыйған терең мағына: Нақыл сөздер жинағы жарық көрді

Жақында оқырман қауымға автор Динара Бердімұраттың нақыл сөздер жинағы жол тартты. Еңбек, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын арқау еткен...