Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Маржан Арапбаева: Шопинг жасайтындай жағдайға жеттік, неге киінбеске?

Танымал

Ел аузында

Маржан Арапбаева Алматыға студент болып келген кезін еске алды. Әнші үлкен шахарға небәрі 1000 теңгемен келген. Оның өзін анасы бірнеше адамнан сұрап алып берген. Бұл туралы Арапбаева «Қазақстан» Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«1995 жыл, заман қиын болатын. Ақша ауысып жатты. Анам көршіден, танысынан және ұжымдасынан алып, 1000 теңге тауып берген. «Әзірге осы ақшаны ала тұр, тағы тауып берермін» деді», – дейді әнші.

Арапбаева 1000 теңгесін жоғалтып алмау үшін пойызда барынша сақ болуға тырысқанын айтады. Ол Алматыға келген соң, анасы берген ақшаны қайда жұмсағанын түсіндірді. 

«50 теңгесіне дене шынықтыруға аяқ киім сатып алдым. Қалғанын әпкем келгенше үйтіп-бүйтіп жеткіздім. Ол АГУ-де аспирантурада оқитын. Оқулары кештеу басталатын. Ол кезде жасым 18-де, ешкімнен қарыз алып көрмеппін», – деп бөлісті Арапбаева.

Әнші ақшаға келгенде ұқыпты екенін атап өтті. Ал бүгінде шопингті ұнататынын жасырмады. Сөзінше, мұндай жағдайға жету үшін де біраз еңбектенген. 

«Өстік, ақша таба бастадық. Шопинг жасайтындай жағдайға жеттік, неге киінбеске? Неге кезінде армандаға LV сөмкесін алмасқа? Жұмсайтындай маңдай термен таптым. Сондай кезге келген кезде ғана мен шопогололик болдым. Ал жалпы ақша жинай алатын адаммын», – деді ол. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...