Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Қазақстан экономикасы жыл басынан бері 4,4%-ға өскен

Танымал

Ел аузында

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының бірқатар салаларында өсім байқалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% құрады. Негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімнің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторындағы тұрақты динамика байқалуда», – деді Ә. Қуантыров Үкімет отырысында. 

Министрдің айтуынша, нақты сектордағы өсім 5,1%, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ға тең. 

«Салалар арасында сауда, құрылыс, көлік және қойма, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен жабдықтау, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,3%-ті құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,7%-ды құрады», – деді ол. 

Сала бойынша инвестициялар білім беруде – 87%-ға, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қамсыздандыруда – 74,1%-ға, құрылыс саласында – 61,9%-ға, ғылым және техникалық қызметте – 53,7%-ға өскен. Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, Ақмола облысында және Алматы қаласында байқалған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...