Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26 C
Nur-Sultan
27 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

Елімізде қанша адам жұмыссыз?

Танымал

Ел аузында

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы еңбек нарығындағы жағдай туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 8,8 миллион адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 6,7 миллион адам жалдамалы жұмыс істеген (экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,1 пайызы), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2,1 миллион адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,9 пайызы).

2021 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 35,2 мың адамға өсті, негізінен жалдамалы қызметкерлер есебінен (30,8 мың адам).

«Жұмыссыздар саны 453,1 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз – 4,9 пайыз. Жұмыссыз, жұмыс іздемеген немесе жұмыс істеуге дайын емес 63,1 мың адам», – деп хабарлады бюро.

15 пен 28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайыз, жұмыс істемейтін және біліммен немесе оқумен айналыспайтын жастар үлесі 6,7 пайыз.

2022 жылдың сәуір айының соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 193 мың жұмыссыз тіркелген.

Анықтама: Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша жұмыссыздар – бұл жұмысы жоқ, оны белсенді іздеген және оған кірісуге дайын адамдар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...