Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
27.3 C
Shymkent

Қазақстан БҰҰ кеңесінде Украинадағы жағдайға байланысты қарараға дауыс беруде қалыс қалды

Танымал

Ел аузында

Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі кеңесі Украинадағы жағдайды тексеретін арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарар ұйымның кезекті отырысында мақұлданды. Жобаны Украина тарапы ұсынған болатын. Дауысқа салынған құжатты 33 мемлекет қолдаса, 12 ел дауыс беруден қалыс қалды. Олардың қатарында Армения, Өзбекстан, Қазақстан мен Үндістан бар. Ал Қытай мен Эритрея резолюцияның қабылдануына қарсы болды. 

БҰҰ-ның бұл отырысына Ресей қатысудан бас тартты. Енді мамандар Украинаның Киев, Чернигов, Харьков пен Сумы облыстарында адам құқығының бұзылу фактісін келесі жылдың басына дейін жіті тергейтін болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігі (БҰҰ БЖКБ) 2022 жылы Украинадан шамамен 8,3 миллион адам кетеді деп болжаған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Новая опора: жительнице района вернули подвижность с помощью эндопротеза

05 сентября 2025 года в Кегенскую районную больницу была госпитализирована пациентка 1967 года рождения с диагнозом: первичный двусторонний гонартроз....