Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

АҚШ сенатында Украинаға 40 миллиард доллар көмек пакеті мақұлданды

Танымал

Ел аузында

АҚШ сенаты Украинаға 40 миллиард доллар көлемінде қосымша көмек көрсету туралы заң жобасын мақұлдады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Дүйсенбі күні өткен отырыста сенаторлар жобаға дауыс берді.ук

Бұған дейін Өкілдер палатасы Украинаға президент Джо Байден сұраған 40 миллиард долларлық көмек пакетін мақұлдаған болатын. Алайда республикашыл сенатор Рэнд Пол құжатқа қаражаттың жұмсалуын қадағалауды күшейтетін түзетулер енгізуді талап етіп, заң жобасына тосқауыл қойды.

Украинаға көмек көрсету бойынша негізгі дауыс беру сәрсенбі, 18 мамырда өтуі мүмкін. 

Бұл бастаманы Сенат мақұлдап, одан кейін президентке жолданады.

Көмекке қару-жарақ жеткізу, оқыту, гуманитарлық қажеттіліктерге жұмсалатын қаражат кіреді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...