Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-19 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 939,3 миллиард теңгеден аса зейнетақы төленген

Танымал

Ел аузында

1 мамырдағы жағдай бойынша, қазақстандықтарға 939,3 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы сәуірде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,4 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге 71,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 163,1 миллиард теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 245 мыңнан асты. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 193 теңге болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Михаил Шайдоров — Олимпиада чемпионы

Алматылық спортшы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында топ жарып, ерлер арасындағы жекелей сайыста Олимпиада...