Жыл басынан бері қазақстандықтарға 939,3 миллиард теңгеден аса зейнетақы төленген

Танымал

Ел аузында

1 мамырдағы жағдай бойынша, қазақстандықтарға 939,3 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы сәуірде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,4 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге 71,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 163,1 миллиард теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 245 мыңнан асты. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 193 теңге болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...