Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Қытайда 133 жолаушысы бар ұшақты құлатуға біреу бұйрық берген – БАҚ

Танымал

Ел аузында

Наурызда Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағының өздігінен жазатын құралындағы деректер жолаушылар мінген ұшақ жерге әдейі бағыт алғанын көрсетеді. The Wall Street Journal басылымының жазуынша, мұндай қорытындыны апаттың себептерін зерттеп жатқан америкалық сарапшылар жасаған, – деп хабарлайды CNN

Қара жәшік деректеріне сәйкес, биіктікті күрт төмендету туралы бұйрықты пилот кабинасындағы біреу берген. «Ұшақ кабинадағы біреудің айтқанын орындады», – деп келтірді WSJ америкалық сарапшының танысының сөзін.

Қазір америкалық сарапшылар тергеуді ұшқыштың әрекетіне аударған. Бұл ретте кабинаға бөтен адам кіріп, ұшақты құлатуға әдейі бұйрық берген болуы да мүмкін.

Басылым апаттың себептерін зерттеп жатқан қытайлық сарапшылар лайнерден ешқандай техникалық ақау таппағанын атап өтті.

21 наурызда Куньмин қаласынан Гуанчжоуға ұшқан China Eastern Airlines ұшағы Қытайдың оңтүстігіндегі шалғай таулы аймақта апатқа ұшыраған. Борттағы 133 адамның бәрі қаза тапқан еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...