Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Нұр-Сұлтанда LRT сүріле ме?

Танымал

Ел аузында

Нұр-Сұлтанда «LRT тіректерін сүріп жатқан ер адамның» видеосына CTS көлік компаниясы түсінік берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі мен мессенджер қолданушылары таратып жатқан видеода ер адам LRT конструкциясын сүріп жатқанын айтады. CTS баспасөз қызметіндегілер ақпаратты жоққа шығарды, олар видео 2021 жылы түсірілгенін айтты.

«Бүгін LRT конструкциялары бұзылып жатыр деген видео белсенді тарап жатыр. Бұл видео былтыр күзде түсірілгенін ресми мәлімдейміз. Видеода қытайлық консорциум құрылыс ағаштары үшін технологиялық негізді (алаңды) талдау үшін жалдаған техниканың жұмысы көрсетілген. Елордада LRT тіректерін бөлшектеу жұмыстары жүргізілмейді», – деді компания өкілдері.

Айта кетейік, қаңтардың басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысын сынға алған болатын.

«LRT құрылысы инфрақұрылымдық жобадан елдің беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. (…) Бұл алғашынан қате жоба. Оңтайлы шешім қабылдау керек, бұза салу ақша мен уақыттың жоғалғанын білдіреді», – деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...