Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы: Қалай артық төлемеуге болады?

Танымал

Ел аузында

Жеңілдетілген автонесие іске қосылғанымен, қазақстандықтардың басым бөлігі бағдарлама талаптарына наразы. Сөздерінше, мұның кесірінен үш есеге артық төлеуге мәжбүр екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сатып алушылар өздеріне лайықты көлікті таңдай алмағандарын айтқан. Себебі сұраныс көп болғандықтан, салондарда көлік таусылып қалған. Ал кейбірі бастапқыда басқа баға айтылса, сатып алар кезде мүлде басқа баға шығады дейді. 

«Өзіме базалық жиынтықтағы көлік қарап жүрмін. 10 миллионнан қымбат емес көлік аламын деп жоспарлағанмын. Бірақ қазір ғана міндетті сақтандыру және қосымша баптаулар үшін көбірек төлеу керегін білдім. Енді арзанырақ нұсқа іздеймін», – деді сатып алушылардың бірі Ақтілек Әбділдаева. 

Қазір базалық жиынтықтағы көліктерге сұраныс артқан. Өйткені қосымша баптауларды өз қалауыңызша қосасыз. Әрі автосалон ұсынған баптаулар үшін артық төлемейсіз. Алайда сатушылар толық жиынтықтағы көлік сатып алуды ұсынады екен. Мұны басқа көліктердің таусылып қалуымен түсіндірген. 

Көлік сатып алғысы келетіндер салондардың осылайша пайда көргісі келетінін айтады. Ал салон иелері мұндай қызметкерлерді бірден жұмыстан шығарып жатқанын мәлімдеді. Ал автоблогерлер менеджерлер құрығына түсіп қалмау үшін бірнеше кеңес берді.

«Егер көлікте бағасы 1,5-2 миллионға жететін баптаулар өте көп болса, мұндай менеджерден аулақ болыңыз. Бірден сату бөлімінің басшысына жүгініңіз. Мұндай баптауларды алып тастау керек. Немесе жедел желіге қоңырау шалыңыз», – деді блогер Роман Масленников. 

Егер нарықтағы көлік тапшылығына тап болсаңыз, сәл күте тұрыңыз. Өйткені ірі көлік салондары өз базасын екі апта сайын жаңартады екен. Мәселен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа көліктердің мамыр айының соңында әкелінетінін мәлімдеген. Дилерлер 8,5 мың көлікпен қамтылады. 

«Автоөндірушілер мен салондар сатушыларға қандай да бір қызметті міндеттеуге тыйым салатын арнайы бұйрық шығарған. Яғни көлікті қосымша баптауларсыз сатып алуға болады», – деді Қазақстандық автобизнес ассоциациясы заңды тұлғалардың стратегиялық даму бойынша бірлестігінің директоры Қайрат Еламанов. 

Сарапшылар сатып алатын көлікті алдын ала таңдауға кеңес береді. Бағасын анықтап, соған қарай қаржыны жоспарлау қажет. Алайда КАСКО сақтандыру бойынша артық төлем жасалады. Себебі бұл кез келген нарықтағы міндетті талап. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...