Гүлзира Айдарбекова кіші келінінің туған күніне гауһар тасты әшекей сыйлады

Танымал

Ел аузында

Гүлзира Айдарбекова кенже келіні Жібекке бағалы сый жасады. Ол келіннің туған күніне гауһар тасты әшекей тартулады. Елдің талқысына түскен сәттің видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жібек Қайратқызы бұл күні 27 жасқа толды. Келіншегі құрбысының үйінде қонақта отырғанда, Заңғар Нұртас оған тосынсый дайындаған. Жұбайына романтикалық хат жолдаған сері оны бірнеше мекен-жай бойынша шақырып, ақырында өздері тұратын үйге алып келді. 

Ол жерде Заңғар анасы және достарымен бірге Жібекті меншікті мерекесімен құттықтады. Ал Гүлзира Айдарбекова кенже келініне гауһар тасты әшекей сыйлады. Көпшілік енесі мен келінінің арасындағы сыйластыққа қызығып қалды. 

«Бізге де осындай ене бұйырсын», – деп тілек білдірді жас қыздар.

Сондай-ақ, Нұртас Айдарбеков келінін желі арқылы құттықтады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...