Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Қазақстан үлгі болды: ҰҚШҰ әскерлері Тәжікстанға енгізілмек

Танымал

Ел аузында

Тәжікстан Таулы Бадахшан автономиялық аймағындағы жағдайды сырттан келген террористер тұрақсыздандырып жатқаны дәлелдесе, онда ел ҰҚШҰ-дан көмек сұрай алады. Осындай жағдайда ахуалды реттеу үшін ел аумағына ҰҚШҰ әскери контингентін енгізуге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Вечерний Бишкек» басылымына Қырғызстан МҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Артур Медетбеков айтқан.

Оның айтуынша, Қазақстан ҰҚШҰ-ның барлық мүшелері үшін үлгі болды.

«Таулы Бадахшан автономиялық аймағынан соңғы бірнеше күн ішінде жаппай наразылық акциялары туралы хабарламалар келіп түсті. Сондықтан ҰҚШҰ-ны Тәжікстандағы Эмомали Рахмон режимін сақтау үшін пайдалануға болады. Басты сұрақ: бұл расында террористер ме, әлде өз халқын, өз билігін қорғау үшін осылай атай ма? Сонымен бірге, азаматтардың арасында Ауғанстаннан келген экстремистер, террористермен байланысы бар есірткімен айналысатын топтары болуы мүмкін. Сондықтан қазір бәрі Тәжікстан билігінің қаншалықты тез жұмыс істейтініне байланысты. Осы тұрғыда Тәжікстан аумағына ҰҚШҰ әскерлерін енгізуді қарастыруға болады», – деді Медетбеков.

Қазіргі уақытта ҰҚШҰ құрамына алты мемлекет: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Айта кетейік, 18 мамыр, сәрсенбі күні таңертең Тәжікстан билігі Таулы Бадахшан автономиялық облысында «терроризмге қарсы операцияның» басталғаны туралы хабарлады.

Тәжікстан ІІМ мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ Душанбеден Қытайға қарай жолды жауып тастады. Қылмыскерлердің мақсаты республикадағы қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру деп атады. Топ халықаралық террористердің қолдауымен елге қару-жарақ пен оқ-дәрілерді әкелді. Қылмыскерлер қатарына «шетелдік жалдамалы» жұмысшылар тартылды.

Сол күні Тәжікстан Ішкі істер министрлігі Рушан ауданында «терроризмге қарсы операция» нәтижесінде ҰҚТ-ның сегіз мүшесі қаза тауып, 11 адам жарақат алып, 70-тен астам адам ұсталғанын хабарлады.

Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтардың еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лаңкестікке қарсы арнайы бөлімшесінің көліктер колоннасына шабуыл жасағаны хабарланды.

Шабуыл кезінде әртүрлі қару түрлері мен Молотов коктейлдері қолданылған. Шабуыл нәтижесінде бір офицер қаза тауып, арнайы жасақтың 13 сарбазы жараланды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...