Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Алматының таулы аудандарында құрылысқа тыйым салу ұсынылды

Танымал

Ел аузында

Алматының табиғат қорғау прокуратурасы таулы аудандардағы құрылысқа тыйым салуды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураға сілтеме жасап. 

Таулы аймақта құрылыс салу және алма бақтарды кесу жағдайларының жиіленіп кетуіне байланысты мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы талдау жүргізді.
Прокуратура өкілдері мұндай жерлерде құрылыстың қарқынды жүруінің себебі – бұрын жер пайдаланушыларға жерге меншік құқығы беріліп, құрылысқа тыйым салу үшін құқықтық негіздер болмады дейді.  

«Осы мәселені талдау қорытындылары бойынша біз қала әкімдігіне таулы жердегі жер учаскелерін рекреациялық аймаққа жатқызу мәселесін қарауды ұсынып қадағалау актісін енгіздік, бұл заң бойынша көрсетілген аймақта жаңа объектілердің құрылысына тыйым салуға мүмкіндік береді. Аталған ұсыныстар қолдау тауып, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына және қала құрылысының Бас жоспарына әкімдік тиісті өзгерістер енгізетін болады. Ағымдағы жылдың маусым айында оларды бекіту күтілуде. Сондай-ақ, осы талдау барысында Обсерватория көшесінде тұрғын үй құрылысы кезінде алма бақтарын заңсыз кесу дерегі анықталды», – делінген хабарламада.

Табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Медеу аудандық полиция басқармасы осы дерек бойынша соталды тергеуді бастап, оның тергеу барысы бақылауға алынды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

18 наурыз – «Ұлттық киім күні» №76 бөбекжай балабақша бүлдіршіндері ұлттық киіммен «Қара жорға» биін биледі

2025 жылдың 18 наурызында Қазақстанның 76 балабақшасының бүлдіршіндері Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Бұл күні балалар өздерінің...