Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келеді

Танымал

Ел аузында

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу Қазақстанға іссапармен келеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтына сілтеме жасап.

АҚШ мемлекеттік департаменті Дональд Лу 23-27 мамырда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға баратын АҚШ делегациясын басқаратынын хабарлады. Бұл делегация АҚШ-тың Орта Азия елдерімен қарым-қатынасын нығайту, өзара байланысты, гүлденген және қауіпсіз орталық құру, бірлескен күш-жігерді дамыту мақсатын көздейді. 

Делегация құрамына Ресей және Орталық Азия бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің аға директоры Эрик Грин, АҚШ-тың Ауғанстан, Пәкістан және Орталық Азия бойынша қорғаныс министрінің көмекшісінің орынбасары Ребекка Циммерман, Халықаралық даму агенттігінің Азия бойынша бюро әкімшісі көмекшісінің орынбасары Анджали Каур және АҚШ Қаржы Корпорациясы аппараты басшысының халықаралық даму мәселелері жөніндегі орынбасары Наз Эль-Хатиб кіреді.

Делегация Қазақстанда Қазақстандағы реформалар бағдарламасын, адам құқықтарын қорғауды күшейту және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шараларды талқылау үшін жоғары лауазымды ресми тұлғалармен және азаматтық қоғам көшбасшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин АҚШ мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеямен кездесу өткізген болатын. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...